|
|
|
Бозымбаев, Қанат Алдабергенұлы
Бозымбаев, Қанат Алдабергенұлы — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы. [өңдеу] Қысқаша өмірбаяны1969 ж. қаңтардың 8 Алматы қаласында туған. Қазақ. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын 1993 ж. бітірген, экономист. ТМД-ның еңбек сіңірген энергетигі. 1993 ж. — жекеменшік компанияның экономисі. 1994 ж. — Алматы қаласы әкімінің көмекшісі. 1997 ж. — Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігіндегі өңірлік саясат бөлімінің бастығы, «Мұнайды тасымалдау жөніндегі „ҚазТрансОйл“ ұлттық компаниясы» жабық акционерлік қоғамының жиынтық-қаржылық департаментінің бастығы, экономикалық мәселелер бойынша вице-президенті. 1998 ж. тамызынан — Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігіндегі мұнай мен газ департаментінің бастығы. 2000 ж. наурызынан — Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда вице-министрі. 2001 ж. қаңтарынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының бірінші вице-президенті. 2001 ж. мамырынан — «KEGOC» ашық акционерлік қоғамының президенті. 2003 ж. наурызынан — Қазақстан электр энергетикалық қауымдастығындағы директорлар Кеңесінің төрағасы. 2007 ж. тамызынан — «Мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі „Самұрық“ холдингі» Акционерлік Қоғамы басқармасының төрағасы. |
|||||||||